Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында өрттермен күресуде - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында өрттермен күресуде

Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында өрттермен күресуде

АСТАНА. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында өрттермен күресуде. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Қыркүйек 2006
  • 411
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының Көкпекі ауданында 8-қыркүйекте 16 сағатта 160 гектар аумақты алып жатқан таулы аумақта өрт шықты. 10-қыркүйетегі 19 сағаттағы жағдаймен өрт аумағы 930 гектарға дейін жетті. Өртті сөндіруге 211 адам мен 6 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 51 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды.

Ал Павлодар облысы Баянауыл ауданында 10-қыркүйекте 8 сағат 12 минутта далалық өрт шықты. 18 сағаттағы жағдаймен өрт 15800 гектар аумақты шарпыды.

Өртті сөндіруге 78 адам мен 17 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 8 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта