Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында үш жол апатынан бес адам қаза тауып, жетеуі жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында үш жол апатынан бес адам қаза тауып, жетеуі жараланды

Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында үш жол апатынан бес адам қаза тауып, жетеуі жараланды

АСТАНА. 29-қараша. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында үш жол апатынан бес адам қаза тауып, жетеуі жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Қараша 2006
  • 391
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, 28-қарашада Семей-Курчатов тас жолының 22-шақырымында «ВАЗ-2106» автокөлігінің жүргізушісі «КамАЗ» көлігімен соғысып қалды. Апат салдарынан «ВАЗ-2106» автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы жарақаттан оқиға орнында жан тапсырды. Тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, Қарағанды облысында Алматы-Екатеринбург тас жолының 695-шақырымында «BMW» автокөлігінің жүргізушісі «Subaru» көлігімен соғысты. Апат салдарынан «BMW» жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, «Subaru» көлігінің жүргізушісі мен «BMW» көлігінің бір жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, 28-қарашада Қызылорда-Петропавловск тас жолының 460-шақырымында «ВАЗ-2106» автокөлігінің жүргізушісі «КамАЗ»жүк көлігімен соғысты. Апат салдарынан «ВАЗ-2106» автокөлігінің жолаушысы жарақататн оқиға орнында мерт болып, тағы үш жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта