Шығыс Қазақстанда 2014 жылы он көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+39 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда 2014 жылы он көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр

Шығыс Қазақстанда 2014 жылы он көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр

Шығыс Қазақстанда 2014 жылы он көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

  • 21 Қыркүйек 2013
  • 387
Фото - Caravan.kz


Өскемен қаласында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша төлем қабілеті бар тұрғындардың барлық санаты үшін қаланың 16-ықшам ауданында 384 пәтерлі жеті үй, 19-ықшам ауданында 504 пәтерлі алты үй салынып жатыр. 19-ықшам аудандағы тұрғын үйлер жоспар бойынша желтоқсан айының соңына дейін салынып бітуі тиіс. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында Семейде де тұрғын үйлер пайдалануға берілуде.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары Бизат Нұрпейісованың айтуынша, қазір аудандар да банкпен келісімге отырып, бағдарлама аясында тұрғын үй салуға тілектерін білдіріп отыр. Солардың алды болып Ұлан ауданы банкпен келісімге отыруда. Келесі жылы бағдарлама бойынша аудан орталығы Қасым Қайсенов кентінде 95 пәтерлік екі тұрғын үй салынбақ. Әр шаршы метрі — 90 мың теңгеден. Шемонайха ауданының, Риддер қаласының әкімдіктері де тұрғын үй салуды жоспарлап отырған көрінеді.

Алдын ала болжам бойынша, облыста 2014 жылы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша он көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бәрі де ЖМК ықшам ауданындағы 19-шы тұрғын үй ауданында салынады.
Дегенмен құрылысты тендер арқылы жүргізіп отырған мердігер компаниялар баспана құрылысын кешіктіруде.
«Қарапайым тұрғындар үйлердің мерзімінде берілмей жатуын банктен көреді. Тұрғын үйлерді мезгілінде салып бітірмей отырғандар — құрылыс компаниялары. Құрылыстың дер кезінде салынып бітпеуі салымшылардың бағдарламаға деген көзқарасын өзгертуде. Әрине, осыдан кейін тұрғындар тарапынан сенімсіздік туады», — дейді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» облыстық филиалының құрылыс жөніндегі маманы Бақболат Ақылбаев.