Шығыс Қазақстанда 6 күн бойы орман өртенуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда 6 күн бойы орман өртенуде

Шығыс Қазақстанда 6 күн бойы орман өртенуде

Шығыс Қазақстан облысындағы Жаңа Семей орман шаруашылығында 6 күннен бері орман өртенуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Семей қалалық мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Қыркүйек 2003
  • 472
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт 7-қыркүйекте басталған. Мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің күш-құралдарды басқару орталығының бастығы Мелат Жүсіповтың айтуынша, Жаңа Семей ауданындағы өрт ошағын ауыздықтамайынша өрттің нақты себебі анықталмайды. Өрт сөндірушілер браконьерлер кесірінен өрттің қасақана жіберілу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Өртке аса ірі деген дәреже берілді.

Өрт шыққан жерге бірінші болып осы жерге таяу орналасқан Бесқарағай аудандық өрт сөндірушілері келіп жетті. Соңынан оларға Семей, Өскемен қалалары мен Шемонаиха және Глубокое ауылдарынан өрт сөндіру бөлімшелері келіп қосылды. Жалпы алғанда тілсіз жауды ауыздықтау жұмысына 40 техника мен 200 өрт сөндіруші жұмылдырылды.
М.Жүсіповтың айтуынша, өртеніп жатқан жасыл желекті орманның өзі емес, 1997-жылғы үлкен өрттен қалған күйген жер жанып жатыр. Өртті сөндіруге күн райы да кедергі келтіруде. Оған себеп, Семейде соңғы 5 күн бойы орнаған аптап ыстық желге ұласып, ауаның температурасы төмендеді. Соның салдарынан өрт секундына 20-30 метр жылдамдықпен одан әрі таралуда.

Соңғы жаңалықтар