Шығыс Қазақстанда 7 адам отырған қайық Ертіске батып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда 7 адам отырған қайық Ертіске батып кетті

Шығыс Қазақстанда 7 адам отырған қайық Ертіске батып кетті

Қайықта ауыл тұрғындары отырған, оның екеуі 13 және 16 жастағы жасөсіпірімдер.

  • 28 Сәуiр 2018
  • 111
Фото - Caravan.kz

Мұзы еріп жатқан өзеннен екі жасөспірім бала мен үш әйелді құтқарып алудың сәті түсті, ал бір әйел көз жұмды. Олар қаладан сауда-саттық жасап, ауылға қайтып бара жатқан, деп хабарлайды Baq.kz.

ШҚО ТЖД ақпаратына сәйкес, қайық Ертіс өзенінде Курчатовтан Бесқарағай ауданындағы Грачи ауылына қарай жүзіп бара жатқан. Қайықта ауыл тұрғындары отырған, оның екеуі 13 және 16 жастағы жасөсіпірімдер. Олар қалада сауда-саттық жасап, ауылға қайтпақ болған. жағалаудан 15-20 метр ұзаған кезде қайық белгісіз себептермен су ішіне бата бастайды. Төтенше жағдайлар қызметі қайықтың суға бату себебін артық жүк тиеумен байланыстырады.

Грачи ауылының тұрғындары жағалау жақтан көмек сұраған адамдардың дауысын естіген. Суға батқан қайықтың иесі екі баланы алып, жағалауға жеткізеді. Қалған жолаушыларды су астынан куәгерлер шығарып алған. Алайда, бір әйелді құтқару мүмкін болмады. Кейінірек 38 жастағы ауыл тұрғынының денесін су ішінен алып шықты. Қатты тоңып қалған зардап шегушілер ауруханаға жеткізілді.


Оқи отырыңыз:

20 жастағы жігіт биені зорлаған

Жамбыл облысында әкімдерге ірі а