Қазақстандағы Ресей жылына арналған бұл фестивальды облыстық мәдениет басқармасы мен Риддер қалалық әкімшілігі бірлесіп ұйымдастырады. Шара бағдарламасында фольклорлық ұжымдар мен ансамбльдердің концерттері, мастер-класстар, концерттер, Риддер қаласы мен оған іргелес жатқан елді мекендер тұрғындарымен кездесулер ұйымдастыру көзделген.
Фестивальға Ресейдің Барнаул, Новосибирск, Первоуральск, ал Қазақстанның Алматы, Павлодар, Өскемен, Семей және басқа да қалаларынан шығармашылық ұжымдар қатысады. Риддерге ұзын саны 150-дей әртіс келеді деп күтілуде.
Сондай-ақ, фестивальде Шығыс Қазақстан облысының ұлттық-мәдени орталықтарының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.