Шығыс Қазақстанда болған 29 градус ыстық тасқын жағдайын күрделендіре түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда болған 29 градус ыстық тасқын жағдайын күрделендіре түсті

Шығыс Қазақстанда болған 29 градус ыстық тасқын жағдайын күрделендіре түсті

Тасқын жағдайының күрделенуіне ауа райының күрт жылынуы себеп болған. Аймақтағы ауа температурасы 10 сәуірде 29 градус жылылықты көрсетті.

  • 13 Сәуiр 2015
  • 366
Фото - Caravan.kz

Еріген судың көптеп келуі салдарынан Глубокое, Бородулиха, Бесқарағай, Абай, Ұлан, Жарма аудандарындағы 10 елді мекенді су басу қаупі туындады.

ШҚО ТЖД-нен хабарлағандай, еріген қар суының әсерінен барлығы 5 үй мен 240 аулалық аумақты су басты. Бұдан басқа, тасқын суларының үлкен ағыны салдарынан республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 3 учаскесі («Семей-Қайнар» күре жолы, 180 шақырым, Шаған өзені арқылы өтетін көпірге барар жолды су басты, «Алматы-Өскемен» тас жолының 982 шақырымы — көлік жолы төсемін су шаюы, «Өскемен-Семей» тас жолы, 84 шақырым — Қарасу өзені арқылы жағалық құрылыс пен тіректі су басты) зақымдалды.

Аймақта жедел штаб жұмыс істер отыр. Күн райының күрт жылынған күндері ТЖ болдырмау жұмыстарына 1000-нан астам адам, 342 техника бірлігі, 51 су сорғылау құралы жұмылдырылған. Ыдыс-қаптан жасалған 2 шақырымнан астам жол салынып, 5 шақырымға жуық қорғау үйіндісі салынды, су басқан орындардан 387 адам, 711 жануар қауіпсіз жерге көшірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Үй жануарларының қырылу фактілері тіркелген жоқ. Бүгінде 3 тұрғын үй мен аула маңы аумақтарын су басып отыр. Елді мекендерді тасқындардан қорғау жұмыстары жалғыстырылуда.

Ең күрделі жағдай Бородулиха ауданының Переменовка ауылында орын алды — мұнда ауылды қоршайтын бөгеттің бұзылу қаупі туындаған. Ауыл тұрғындары — арасында 80 бала болған барлық 184 адам Переменов орта мектебіне көшірілді, мектепте санитарлық бекет құрылып, көшірілгендерге психологиялық көмек көрсетілді.


Бөгетті нығайту орнында құтқару қызметтері мен жергілікті билік көздерінің 80-нен астам қызметкері, шамамен 15 техника бірлігі жұмыс істеп жүр. Бөгетті нығайту үшін 2700-ден астам қап инерттік материал төселді.

13 сәуірдегі жағдай бойынша су деңгейі азайып, жағдай тұрақталды, көшірілген тұрғындар өз үйлеріне оралды, деп хабарлады ШҚО ТЖД-нен.