Шығыс Қазақстанда дауыл зардаптары жойылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда дауыл зардаптары жойылуда

Шығыс Қазақстанда дауыл зардаптары жойылуда

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында 30-маусымдағы дауылдың зардаптары жойылуда. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Шiлде 2004
  • 916
Фото - Caravan.kz

Сәрсенбі күні 16 сағат 15 минутта бұл жерде күшті дауыл тұрған. Желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 26 метрге жеткен. Соның салдарынан аудан орталығы Ақсуат ауылында Мемлекеттік төлем орталығы, аудандық әскери комиссариат, Қ.Нұрбаев атындағы және №2 мектеп, орталық аудандық аурухана ғимараттары зардап шекті. Сондай-ақ, дауыл салдарынан байланыс және электр жалғастыру желілері мен тұрғын үйлер бүлінді.

«Қазгидромет» РМК-ның болжамы бойынша бүгін 2-шілдеде Шығыс Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді деп күтілуде. Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде батыстан соққан жел күшейіп, шаңды боран тұрады.

Перейти к новостям спорта