Шығыс Қазақстанда екі аты мен екі тегі бар қыз тұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда екі аты мен екі тегі бар қыз тұрады

Шығыс Қазақстанда екі аты мен екі тегі бар қыз тұрады

Шығыс Қазақстан облысында екі аты мен екі тегі бар қыз тұрады.  16 жасар Яна Богаченко азаматтардың хал актілерін тіркеу мекемесі мамандарының сауатсыздығынан зардап шегіп отыр.  Шетелге шығуды айтпағанда, бойжеткен тіпті жергілікті оқу орнына әрең қабылданыпты.  Сорақысы сол,  оның куәлігін толтырған мамандар құжаттың берілген күнін 36 тамыз деп белгілепті. 

  • 15 Қыркүйек 2015
  • 361
Фото - Caravan.kz

Осыдан 16 жыл бұрын Яна Богаченконың анасы қызына тууы туралы куәлік алғанда қатені бірден байқаған. АХАТ қызметкерлері «Яна»  деген атты екі «н» әрпімен жазған екен. Сол жолы олар жас босанған анаға «құжат осы күйінде қала берсін,16 жасқа толғанда  бірден  қатесі жоқ куәлік   аласыңдар» депті.   

Татьяна Пелих,  Яна Богаченконың анасы:

— Куәлік алуға барғанда бізге қызымның атын  енді тек сот арқылы ауыстыруға болады деді.  Әзірге жеке басының  куәлігін   қате  атына ала беріңдер деп үгіттеді. Солай жасадық та, тууы туралы куәлікті ауыстыруға бардық. Бізге жаңа құжат  берді. Оны көріп төбе шашымыз тік тұрды.

Жаңа куәлік «мүйіз сұраймын деп ,сақалынан айрылған тоқал ешкінің» кебін киген. Құжатта қызының аты тұрмақ , тегі де қате жазылыпты. Ол ол ма, Янаның туған күнін мамандар бір айға кеш көрсетіпті.  Ал әкесінің туған күнін 31 ақпан деп белгілепті. Құжаттың берілген күні тіпті сорақы-36 тамыз!  Мұның бәрі бойжеткенге сор болды.

Янна Богаченко, Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны:

— Мені шетелге шығармады. Өйткені  паспорт  жасау үшін ешқандай қате болмауы керек.  Менің құжаттарым әр түрлі болып тұр. Тууы туралы куәлігім мен жеке басымның куәлігінде де әр түрлі  аттар мен тектер жазылған.

Мұндай құжаттармен Яна жергілікті колледжге әрең түсіпті.   Ондағылар барлық қателерді түзеуге бір ай уақыт берген екен.  Азаматтардың хал актілерін тіркейтін мамандардың  айтуынша,  бұл олқылықтарды  жөндеуге болады.


Гүлжиян Қасенова,  Глубокое аудандық жұмыспен қамту  және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімінің бас маманы:

— Қате құжатын тапсырады. Әкелікті тану туралы және өзінің куәлігін тапсырады. Осы құжаттарды жинап, біз қорытынды  шығарамыз. Сол қорытынды негізінде біз Янаға жаңа , дұрыс куәлікті тапсырамыз.

Мамандар балалардың  тууы туралы куәліктерінде  қателердің  жиі орын алатындығын мойындап отыр.  Өз кемшіліктерін  түзеудің  орнына   олар,  керісінше , ата- аналар құжатты алғанда мұқият болу керек дейді.  

Соңғы жаңалықтар