Шығыс Қазақстанда ет бағытындағы мал шаруашылығы шағын фермаларда шоғырланатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда ет бағытындағы мал шаруашылығы шағын фермаларда шоғырланатын болады

Шығыс Қазақстанда ет бағытындағы мал шаруашылығы шағын фермаларда шоғырланатын болады

Шығыс Қазақстанда 2015 жылға қарай асыл тұқымды мал басын 10-15%-ға жеткізу мақсатында 50 бас ІҚМ өсіретін канадалық технологиялармен жұмыс істейтін шағын фермалар ұйымдастырылады, деп мал басын көбейту және мал шаруашылығындағы консальтингтік «Қазагромаркетинг» АҚ орталығының басшысы Қабыл Исабеков мәлім етті.

  • 15 Шiлде 2011
  • 677
Фото - Caravan.kz

«Ет бағытындағы мал шаруашылығын дамытудағы басты рөл — Шығыс Қазақстанда. Мұнда табиғи және климаттық жағдай канадалыққа ұқсас болғандықтан, канадалық әдісті пайдалануға мүмкіндік береді, ең бастысы асыл тұқымды мал басымен айналысатын шаруашылықтар сақталған», — деді К. Исабеков.

Академик атап өткендей, Қазақстанға 2015-ші жылға дейін жеткізілмекші шетелдік сұрыптаудан сатып алынған 75 мың бұқашалардың 10 мыңдайы Шығыс Қазақстанға жеткізіледі. Одан басқа аймаққа 31 мың аналық бас жеткізілмекші. Жалпы алғанда енді 4 жылдан соң облыстағы ет бағытындағы мал басы 37 мыңға жетуі тиіс.

«Біз 50 бас мал асырайтын фермерлік шаруашылық үлгісін жасадық, себебі одан артық бас мал асырау жергілікті жағдайда тиімсіз. Оның негізі ретінде төл алуға бағытталған канадалық әдіс алынды. Асыл тұқымды шаруашылықтар көмегімен, атап айтқанда, ақбас қазақ асыл тұқымды сиырлар арқылы будандастырумен жеке аулалардағы мал басын асылдандыру жоспарланған», — деді К. Исабеков.

Қазіргі уақытта облыста 42 шағын фермерлік шаруашылықтар бар. Оларда 10-нан 54-ке дейін асыл тұқымды мал бар. Облыстағы ІҚМ басының жалпы саны 900 мың (1990 жылғы деңгеймен салыстырғанда 68%). Асыл тұқымды мал басының үлесі — 4%, жеке аулалардағы мал үлесі 80%. Мал сапасын жақсарту, сондай-ақ жергілікті «қазақтың ақбас» тұқымын асылдандыру мақсатында биыл шет елден асыл тұқымдық мал сатып алуға субсидия түрінде Т3,5 млрд қаражат бөлу қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар