Шығыс Қазақстанда инновациялар мен жаңа технологиялар кеңесі құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда инновациялар мен жаңа технологиялар кеңесі құрылды

Шығыс Қазақстанда инновациялар мен жаңа технологиялар кеңесі құрылды

Шығыс Қазақстан облысында инновациялар жөніндегі кеңес құрылды, онда 7 жаңа ірі инвестициялық жоба қаралды, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

  • 9 Маусым 2011
  • 650
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі күні үйлестіру кеңесінің және басқа да құрылымдардың қызметі жеткіліксіз, осыған байланысты жаңа идеяларды әзірлеу жөніндегі кеңес – инновациялар және жаңа технологиялар жөніндегі кеңес құрылды», — деп мәлім етті сәрсенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Жаңа жобалардың арасында биогенизирленген су өндірісі бойынша цехтың құрылысы, Өскеменде әлеуетті қауіпті нысандар мен қоршаған ортаға өндірістік-экологиялық мониторинг жүргізудің мемлекеттік аймақтық мобильді жүйесін құру бойынша инновациялық кәсіпкер, туристік кластерді дамыту жобалары бар.

«Біз қорғасын өндірісінің конвертерлік шаңын өңдеу кезінде, құрамында күшәні бар қалдықтарды (арсенит, кальций арсенаты), құрамында күшән, алтын бар кендер мен концентранттарды қайта өңдеу кезінде күшәннің аз уытты бірігулерін алу технологиясын жасадық», — деп мәлім етті жобаны таныстырған С. Аманжолов ат. ШҚО мемлекеттік университетінің инновациялық технологиялар бөлімінің бастығы Анатолий Чурсин.

А. Чурсиннің айтуынша, уытты қалдықтарды бір уақытта қайта өңдеу технологиясын енгізу «айтарлықтай экологиялық-экономикалық нәтиже алуға мүмкіндік береді, бұған қоршаған ортаны қорғау министрлігінің экологиялық сараптамасының оң қорытындысы бар».

Құрамында күшәні бар шикізатты, қалдықтарды және өнеркәсіп өнімлерін зарарсыздандыру технологиясын Риддер қорғасын зауытындағы, Өскемен металлургия кешенінің қорғасын өндірісінің электр-термикалық цехындағы металлургиялық жабдықтарда енгізужоспарланып отыр.

Тағы бір жоба Курчатовтағы «Ядролық технологиялар паркі» АҚ базасында ядролық-технологиялық кешен құруға қатысты.

«Атомпром» ЖШС директоры Бекмұхамед Өткелбаевтың хабарлауынша, сараптама көрсеткендей, «жеделдеткішпен басқарылатын подкритикалық реакторлар Қазақстан үшін ең қолайлы» екенін көрсеткен, бұл жоба «республиканы елдің спецификасын ескере отырып, қауіпсіз атом энергетикасын дамытудың алдыңғы қатарына шығарады».

«Мұндай жүйелердің принципиалды артықшылықтары бар: чернобыльдық типтегі апаттар тұрғысынан абсолютті қауіпсіздік, жақсы нейтрондық-физикалық өлшемдер, отынның толығымен жануы, байытылмаған отынды пайдалану, ядролық және жоғары радиоактивті қалдықтардың аз көлемде түзілуі», — деді Б. Өткелбаев.

Бұл кең көлемді жоба экономика мен әлеуметтік даму, ғылым, қауіпсіздік, халықаралық ынтымақтастық мәселелерін шешеді, деп айтылды кеңесте.

Құны $46,5 млн болатын бағдарламаның бірінші кезеңін 2011 – 2015 жылдары жүзеге асыру жоспарланған.

Екі жоба энергетиканы дамытуға қатысты – Жаңа-Тұрғұсын ГЭС-і сияқты шағын ГЭС құру, сондай-ақ, гидроаэродинамикалық қондырғы жасау, соңғысын «Шапағат» республикалық өнертапқыштар конкурсының лауреаты, өнертапқыш Михаил Булдаков таныстырды.

Ғалымның айтуынша, электр қуатын өндіру үшін шағын қондырғыларды «Семей далаларында, Өскеменнің белестерінде, Ертістің жағалауына орнатуға болады», олар жел мен судың қуатын пайдалануға мүмкіндік береді.

ШҚО әкімі Б. Сапарбаев жобаларды біршама пысықтаған соң индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен үкіметке жолдауды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар