Шығыс Қазақстанда қар барысы туралы ағылшын тіліндегі кітап шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда қар барысы туралы ағылшын тіліндегі кітап шығарылды

Шығыс Қазақстанда қар барысы туралы ағылшын тіліндегі кітап шығарылды

Жергілікті биологтар Олег және Ирина Логиновтардың авторлығымен ағылшын тіліндегі «IRBIS – The Snow Leopard» («Ирбис – қар барысы»)атты кітабы Шығыс Қазақстан облысында жарық көрді.

  • 15 Тамыз 2011
  • 1628
Фото - Caravan.kz

«Осы фотоальбом-кітаптан қар барысы туралы барлық мағдұматтарды білуге болады. Бұл мысық тәріздес аң әлемнің ірі Азиялық мемлекеттері – Қытай, Ресей, Үндістан, Қазақстан, Пәкістан мен тағы да басқа бірнеше Орталық Азия мемлекеттерінің биік таулы аймақтарында мекен етеді», — деп ҚазТАГ тілшісіне О. Логинов айтып берді.

Оның айтуынша, бұл кітапта барыстың саны, олардың мекен ететін аумақтары, ұлттық бақтар туралы т.б. қызықты мәліметтер келтірілген.

Фотоальбомда қар барысының Алматы облысының таулары мен Жоңғар Алатауында Ренат Минибаев түсірген ерекше суреттері, Екатеринтургтегі Рафаэль Кетцянның ирбисті салған портреттері, сондай-ақ Виктор Бахтин, Виктор Павлушин мен Олег Логиновтың акварель бояулармен салған суреттері бар.

Басылымға сондай-ақ Ирина Логинованың «Қасиетті тау рухтары» («Духи Священной Горы») атты ертегісі де енгізілген.

Бұл кітапты сондай-ақ студенттер мен оқушылар ағылшын тілін үйренуге қосымша оқулық ретінде, шет елдік туристер және барыс туралы білгісі келетіндер пайдалануына болады.

Басылым қазақстандық «Snow Leopard Fund» (Өскемен) қоғамдық қорының бастамасымен UNDP/GEF- Kazakhstan қорының қаржылық демеушілігімен «Алтай-Саян экоаймағының қазақстандық бөлігінің биоәркелкілігін тұрақты пайдалану және сақтау» жобасының аясында басып шығарылды.

2009 жылы Логиновтар «Қар барысы. Аспан тауларының рәмізі» атты кітабын басып шығарған болатын.

Перейти к новостям спорта