Шығыс Қазақстанда ауа-райы тағы күрт құбылды. Бүгін Катонқарағай ауданының Қайыңды ауылы мен Риддер қаласында қар жауыпты. Жерді басып қалмаса да, мамырдың ортасында қылаулап жауған қар жаз маусымына дайындалып жатқан жұрттың жағасын ұстатты.
Естеріңізге сала кетсек, мамырдың бас кезінде Риддер қаласында тағы да қалың қар жауып қалған болатын.