Шығыс Қазақстанда Қытайдан келген 12 браконьер ұсталды
Күршім шекара отрядының жауынгерлері Марқакөл көлінің ауданынан мемлекеттік шекараны бұзған Қытайдың 12 азаматын ұстады, деп хабарлайды «Тосқайың» шекара комендатурасы. |
«12 адамның бәрі дәрілік шөп жинау үшін шекара бұзған. Алдымен жауынгерлер төрт браконьерді тапқан, кейін тағы сегізіне жолыққан», - деп хабарлайды комендатура.
Шекара бұзғандар қолдарына күрек, қайла ұстап, арқаларына тамақ салып алған сөмкелер асынған. Браконьерлер таяқпен қаруланып, шекарашыларға қарсылық көрсетуге тырысты.
Шекара бұзушылар уақытша оқшаулағышқа қамалды, тергеу алды шаралары жүргізіліп жатыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін