Шығыс Қазақстанда Қытайдан келген 12 браконьер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда Қытайдан келген 12 браконьер ұсталды

Шығыс Қазақстанда Қытайдан келген 12 браконьер ұсталды

Күршім шекара отрядының жауынгерлері Марқакөл көлінің ауданынан мемлекеттік шекараны бұзған Қытайдың 12 азаматын ұстады, деп хабарлайды «Тосқайың» шекара комендатурасы.

  • 16 Маусым 2011
  • 487
Фото - Caravan.kz

«12 адамның бәрі дәрілік шөп жинау үшін шекара бұзған. Алдымен жауынгерлер төрт браконьерді тапқан, кейін тағы сегізіне жолыққан», — деп хабарлайды комендатура.

Шекара бұзғандар қолдарына күрек, қайла ұстап, арқаларына тамақ салып алған сөмкелер асынған. Браконьерлер таяқпен қаруланып, шекарашыларға қарсылық көрсетуге тырысты.

Шекара бұзушылар уақытша оқшаулағышқа қамалды, тергеу алды шаралары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар