Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар жолдардың бірі жабылды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Бұл туралы Caravan.kz порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"24 желтоқсанда күн райының нашарлауына, нақты айтқанда қатты боран соғып, жолдың нашар көрінуіне байланысты республикалық маңызы бар "Омбы-Майқапшағай" тасжолының 756-906 шақырымында (Семей қаласы мен Жарма ауданы Қалбатау ауылының аралығы) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды", — делінген хабарламада.
Бұған дейін "Семей-Курчатов" тасжолының 4-130 шақырымы және "Семей-Қарауыл" тасжолының 4-182 шақырымы көліктің барлық түрлері үшін жол жабылған болатын.