Жарияланды: 440

Шығыс Қазақстанда төрт полицей тұтқындарды қорлағаны үшін сотталды

Семей қалалық сотының үкімімен Семейдегі ІІБ тергеу абақтысының (СИЗО) төрт қызметкері тергеу мақсатында тұтқындалғандарға қатысты тыйым салынған ықпал ету тәсілдерін қолданғаны үшін әр түрлі мерзімдерге сотталды, деп Шығыс Қазақстан прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Барлық сотталғандар ҚР ҚК 308-ші бабының 4 тармағының «а» тармақшасы бойынша айыпталды және әр түрлі мерзімге сотталды. Атап айтқанда, Бекшоинов – төрт жылға, Дауылбеков, Есімханов пен Босқымбаев – үш жылға сотталды. Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ», - деп сейсенбі күні прокуратурадан хабарлады. Іс материалдарынан белгілі болғандай, былтырғы жылы күзде СИЗО-ның төрт қызметкері тергеу абақтысына қамалған азаматтан адам зорлағанын мойнына алуын талап етіп, оны бірнеше сағат соққылаған. Бұл ретте ұсталған адамның айыбы дәлелденбеді. Семей тұрғыны абақтыдан босап шыққан соң, прокуратураға шағымданыпты. «Сот процессі қаңтар айында басталғанымен, оны қарау 4 айға жуық жалғасты. Сот басталғанда әр тарапқа кетіп қалған куәларды алдыру көп уақыт алды», - деді прокуратурадан. Осы жылғы алты айда құқық қорғау орган қызметкерлерінің азаптау қолдану фактілеріне байланысты прокуратура органдарына 7 шағым келіп түсті. 6 шағым бойынша Шығыс Қазақстан ІІД жеке қауіпсіздік басқармасы жүргізген тексеруден соң, қылмыстық іс қозғаудан бас тартты. Одан басқа, жыл басынан бері прокуратура қызметкерлері заңсыз ұсталған 17 адамды босатты. Оның ішінде Семей мен Бородулиха ауданында – екі кәмелетке толмаған баланы босатты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін