Жарияланды: 330

Шығыс Қазақстанда валюта контрабандасының жолы кесілді

«Майқапшағай» бақылау бекетіндегі кедендік бақылау кезінде ҚХР азаматының $34,7, Т30,2 мың, 5 мың юань ақшаны заңсыз алып өту әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Шығыс Қазақстанның кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

«Ақша қол жүгінен табылды. Валютаны алып өту тәртібі бойынша бір адамға $10 мыңнан аспайтын валюта алып өтуге рұқсат беретініне қарамастан, Қытай азаматы жалпы сомасы $35,5 мың немесе Т5,2 млн алып өтуге тырысқан», - деп хабарлайды департамент. Экономикалық контрабанда фактісі бойынша ҚР ҚК 209 б. 1б. бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін