Шығыс Қазақстанда заңды түрде төрт ауыл жойылады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.24
  • 529.34
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда заңды түрде төрт ауыл жойылады

Шығыс Қазақстанда заңды түрде төрт ауыл жойылады

Көкпектіде түтіні аз төрт ауыл заңды түрде жойылады, деп хабарлайды Altaynews.

К

  • 16 Қараша 2017
  • 139
Фото - Caravan.kz

Көкпекті ауданында төрт ауыл заңды түрде жойылады. Атап айтқанда- Өрнек, Каменка, Қызыл жұлдыз және Қарғалы ауылдары. Себебі аталған ауылдардағы тұрғындар саны 50-ден аз.

– Бұл ауылдың тұрғындары ешқайда да көшірілмейді. Қыста ол жақтарға жол ашу жұмыстары жүргізіледі.  Иеліктегі жерлер өз қожайындарында қалады.  Төрт ауыл заңды түрде жабылғанмен, аудандағы негізгі елді мекендер құрамына енетін болады,-деді аудан әкімі Рамиль Сағандықов.

Айта кету керек, қар қалың түсетін Көкпекті ауданында  осы қыста қардан аршу жұмыстарымен «ДСУ-14» және «Көпекті жолдары» атты екі компания айналысатын болады.  Бұл тұрғыда осы жылдың соңына дейін  жергілікті бюджетте 20 миллион теңге қаражат қарастырылған. Келесі жылы бұл мақсатқа 90 млн теңге жоспарланып отыр.