Шығыс Қазақстанда жолаушыға толы автобус аударылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда жолаушыға толы автобус аударылды

Шығыс Қазақстанда жолаушыға толы автобус аударылды

Шығыс Қазақстан облысында салонында 27 жолаушысы бар жолаушылар автобусы аударылды, - деп хабарлайды КТК арнасы. ШҚО-да апт

  • 8 Желтоқсан 2016
  • 1079
Фото - Caravan.kz

Шығыс Қазақстан облысында салонында 27 жолаушысы бар жолаушылар автобусы аударылды, — деп хабарлайды КТК арнасы.

ШҚО-да апта бойы сақталған сары шұнақ аяздың соңы жаңбырға ұласып, маңызды жолдардың барлығы мұзтайғаққа айналған. Енді күре жолдарда көлік қозғалысы қиындап кетті.

Сол көктайғақтың кесерінен Зайсан-Алматы бағытына шыққан автобус 28 жолаушысымен төңкеріліп қалған. Ал мұндағы жолаушыларды діттеген жеріне жеткізбек болған екінші автобус та жол апатына ұшырапты. Екі бірдей оқыс оқиғаны басынан өткерген жұрттың мәлімдеуінше, 4 адам сынық жарақатын алған. Қайта адам шығыны жоқ. Ал Семей- Курчатов жолында жүк көліктері жүруден қалды. Қазір Семейге қарасты 8 елді-мекенде төтенше жағдай жарияланған. Өйткені төрт түліктің қыстық жайылымы тарылып қырылудың аз-ақ алдында тұр. Шығынға батқалы тұрған 20 шаруа қожалығына жергілікті билік қала қазынасынан 15 млн. теңге бөлген. Қаржы жолдардарды ретке келтірумен қатар жем-шөпке де жұмсалуы тиіс. 

"Жалпы, қысқа дайындықтары дұрыс болмаған. Бірақ оған қарамастан көмек беріп жатырмыз. Тамақ мен көмірге қаражат бөлінуде. Қалғанын өз есептерінен алуы керек", — деді Семей қалаcы әкімінің азаматтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы жөніндегі көмекшісі Берік Түсіпов.


Соңғы жаңалықтар