Шығыс Қазақстанда жол-көлік оқиғасының салдарынан 16 адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда жол-көлік оқиғасының салдарынан 16 адам зардап шекті

Шығыс Қазақстанда жол-көлік оқиғасының салдарынан 16 адам зардап шекті

Бейсенбі күні Шығыс Қазақстан облысында жолаушылар автобусы аударылып қалды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

  • 29 Шiлде 2011
  • 574
Фото - Caravan.kz

«28 шілдеде сағат 8.30-да жедел жәрдем бригадасы жол-көлік оқиғасы болған жерге аттанды. Оқиға орнына жеткеннен кейін кезекші дәрігер, «ЮКО» ЖШС құрылыс компаниясына тиесілі ПАЗ-32051 автобусының Өскемен-Горная Ульбинка тас жолының 27-ші шақырымында тежегіші істен шыққанын, көлік тауға көтерілер жерде сол жақ бүйіріне аударылғанын хабарлады», делінген ресми хабарламада.

Құтқарушылардың ақпары бойынша, автобус салонында 22 жұмысшы болған, солардың 16-сы зардап шеккен. Қаза болғандар жоқ. Жедел жәрдем бригадасы төрт жұмысшыға сол жерде көмек көрсеткен, тағы екі адам ауруханаға жеткізілген. Жеңіл-желпі жарақат алған қалған 10 адамды дәрігерлер сол жерде қарап шыққаннан кейін, олар жол-жөнекей көліктермен Өскеменге жеткізілген.

Департаменттен хабарланғандай, зардап шеккендердің ешқайсысы стационарлық емдеуге қалдырылмаған. «Олардың бәріне көмек көрсетілгеннен кейін, үйлеріне қайтарылды», деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар