Шығыс Қазақстандағы казактардың әрекеті елді шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстандағы казактардың әрекеті елді шошытты

Шығыс Қазақстандағы казактардың әрекеті елді шошытты

Шығыс Қазақстандағы казактардың Ермак күнін тойлауы әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды, деп хабарлайды Caravan.kz тілш

  • 15 Қыркүйек 2016
  • 19996
Фото - Caravan.kz

Шығыс Қазақстандағы казактардың Ермак күнін тойлауы әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. Бұл наразылық «Экспресс К» газетінде жарияланған шағын хабарға байланысты болып отыр.

Онда Семей, Өскемен және Шемонайхадағы казак ұйымдарының өздерінің дәстүрлі мерекесі – Ермак күнін қалай тойлағаны туралы жазылған. «Сапқа тұрып, ғибадат жасалғаннан кейін жас казактар отанына, казачество мен православ дініне адал болуға ант берді. Сондай-ақ, мейрам кезінде басқа да көмтеген рәсімдерді көруге болады» деп жазыпты газет тілшісі.

Фейсбук қолданушыларының бірі, белгілі журналист Арман Шораев соның интернет-нұсқасының сілтемесін өз парақшасына салып, осыған байланысты пікірін білдірген.

«Біздің жерімізде болып жатқан бұл не сұмдық? Қайдағы бір жасанып киінген біреулер қайдағы бір ертегі кейіпкері Ермек Темірбайұлының (Ермакты айтса керек – ред.) күнін атап өтуде. Мұндай пәлені атап өтуге кім рұхсат берген? Бұл қандай мақсатта жасалған?» дейді А.Шораев.

Бұл жазбаның астына көптеген қолданушылар осы тектес ойларын айтқан.

Мамай Жақсыбаев
: «Кеңсе ұйықтап жатыр, сайқымазақтар тойлап жүр. Осындай заңсыз әскери құрылымды, банданы мемлекет те, құзырлы органдар да көрмеген сыңай танытады».

Askar Almaty: «Астанадағы марафон кезінде де қалада осындай сайқымазақтардың жүргенін көргенмін. Тізіліп тұрғандарға ескерту жасадым. Ал олар ештеңе көрмегендей, бұл әрекеттің заң бұзушылық екенін білмегендей сыңай танытты».

Dan Shabdukarimov: «Анық сепратистер ғой. Олар қай отанына адал болуға ант беріп тұр?»