Шығыс Қазақстандағы тосын құбылыстың себебі анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 473.15
  • 515.12
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстандағы тосын құбылыстың себебі анықталды

Шығыс Қазақстандағы тосын құбылыстың себебі анықталды

Шығыс Қазақстандағы тосын құбылыстың себебі анықталды. Есік алдындағы құдықтан ыстық судың ағуы жер асты қатпарларының қозғалуынан деп түсіндірді экологтар.

  • 20 Қараша 2012
  • 368
Фото - Caravan.kz

Қазір жер астынан келіп жатқан мына судың температурасы тіпті көтеріліп кеткен. +50 градус. Естеріңізге сала кетейік, Өскеменнен 40 шақырым жердегі Айыртау ауылындағы құдықтан ыстық судың толассыз ағып жатқанына үш аптадан асты. Экологтар буы бұрқыраған суды құдық иесіне уақытша пайдаланбауға кеңес берді. Қазір судың құрамы анықталып жатыр. Өз кезегінде мамандар, барлық себеп өңірдің осы аумағында жиі болатын жер асты қатпарларының қозғалуларында деп отыр. Яғни, құдықтағы судың ысып кетуі жер қойнауындағы магмамен тікелей байланысты екен.     


Анатолий Филиппов, ШҚО экологиялық қауіпсіздік орталығы жетекші маманы:

— Қала маңында мұндай құбылысты  алғаш рет көріп отырмыз. Негізінен бұл аумақ сейсмикалық тұрақсыз. Сол себепті магма қабаттарының қозғалуы жер асты суларының жылып кетуіне әкелді дегенге саяды.