«ГАЗ-3110» көлігінің 41 жастағы жүргізушісі алдындағы көлікті басып озбақ болып жолдың қарсы бетіне шығып кетеді де, «ВАЗ-21103» жеңіл көлігімен соқтығысып қалады. Оқиға салдарынан ВАЗ көлігінің 26 жастағы жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы оқиға орнында көз жұмған.
ВАЗ көлігінің тағы бір жолаушысы мен екінші көліктің жолаушылары түрлі жарақатпен 1-ші қалалық ауруханаға жеткізілсе, «ГАЗ» көлігінің жүргізушісі жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.