Шығыс Қазақстанды алапат тасқын әлі жайпап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Шығыс Қазақстанды алапат тасқын әлі жайпап жатыр

Шығыс Қазақстанды алапат тасқын әлі жайпап жатыр

Шығыс Қазақстан облысында да тасқынның беті қайтар емес.  Бородулиха және Абай аудандарына лап берген топан су үйлер мен қора-қопсыны басып жатыр. Кешелі бері 200-ге жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір құтқарушылар тасыған Шаған өзенінің арнасын бұрып әлек.

  • 15 Сәуiр 2015
  • 324
Фото - Caravan.kz

Шығыста температура 20 градусқа көтерілгелі үйілген қар әп-сәтте еріген. Көл болып аққан сол су бірнеше ауылдың тұрғындарын састырды. Мәселен, Бородулиха ауданындағы Переменовка елді-мекенінде 184 адам баспаналарын тастап кетуге мәжбүр. Бала-шағасын жетектеген жұрт мектепке уақытша орналастырылған.

-Ойыншықтарды шашпаймыз, сындырмай ойнаңдар!

Мұнда небары жарты күн ішінде су деңгейі 70 см-ге дейін көтерілген. Құтқарушылар апат орнында күні-түні жұмыс істеп жатыр.

Дмитрий Алябьев, Семей қалалық ТЖБ қызметкері:

-Тасқын салдарынан ауылдағы жалғыз құдық су астында қалды. Орталық құбыр болмаған соң, тіршілік нәрін көрші ауылдан әкеліп беріп отырдық. Тамақты да тасымалдауға тура келді.


Ал Абай ауданында Шаған өзені арнасынан көтеріліп, Саржал ауылына кірген. Су баспаналарына кірсе де, тұрғындар қауіпсіз жерге көшуден бас тартқан көрінеді.

Қазір Бородулиха-Жезкент, Семей-Өскемен бағытында жолдар жабық. Ауыл арасындағы көпірлер ағын судың екпінінен опырылып түскен. Оның қашан қалыпқа келтірілетіні белгісіз. Өңірде қар толық еріп бітпегендіктен, су басу қаупі әлі де сейілмей тұр.