Шығыс Қазақстанды су басып, бір жағынан өрт шығуда! - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанды су басып, бір жағынан өрт шығуда!

Шығыс Қазақстанды су басып, бір жағынан өрт шығуда!

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Айнабұлақ ауылдық округінде алқап өртімен арпалысуда.

  • 14 Сәуiр 2015
  • 463
Фото - Caravan.kz


80 га қуаң дала кеше өртенген. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада мәлімделген.
Елді мекендерге қауіп жоқ. Өрт сөндірушілер өртті сөндіруге кіріскен.
Сонымен қатар, облыстың алты ауданында су тасқыны орын алған. Күннің күрт жылынуы салдарынан Глубоковск, Бородулихинск, Бесқарағай, Абай, Ұлан, Жарма облыстарының он елді мекеніне су басу қаупі төнген. Еріген қар суы салдарынан республикалық тұрғыдағы үш көлік жолы зақымданған.
Су басқан жерлерден шамамен 400 адам мен 700-ден астам мал басы қауіпсіз жерге шығарылған.