Жарияланды: 580

Шығыс Қазақстанның мәдениет мекемелеріне 12 автокөлік табыс етілді

Шығыс Қазақстан әкімі Бердібек Сапарбаев мәдениет мекемелеріне 12 автокөліктің кілтін табыс етті.

Жаңа көліктердің көмегімен мәдениет мекемелерінің жұмыстары жақсара түсетіндігіне үміт білдірген әкім, «Семей қаласының Мемлекеттік филармониясы» мекемесі мен облыстық филармонияға, облыстық Достық үйіне, «Дариға-ай» жастар театрына, «Еураз-шоу» ән театрына, облыстық өнер мұражайына, «Театр сервис жаңалық» мекемесіне бір-бір автобустың кілтін табыс етті. «Театр сервис жаңалық» мекемесіне автобусқа қоса, бір «ГАЗель» көлігі берілді. Семейдегі Ф.Достоевкий атындағы әдеби-мемориалдық мұражайы KIA CARETO жеңіл көлігіне ие болса, облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық қорық-мұражайы өз шаруашылық мұқтаждығына қажетті қоқыс таситын көлік алды. Соңғы 20 жылдың ішінде аудандық мәдениет мекемелеріне жөнелтілген 10 автокөлікті санамағанда, мәдениет мекемелеріне бірде-бір қызмет көлігі берілмеген екен. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай облыс бюджетінде мәдениет нысандарының қажеттілігі үшін 1 миллиард 873 мың теңге қарастырылып отыр, бұл өткен жылғыдан 1,3 пайызға жоғары. Оған қоса, облыстық мәдениет нысандарының материалдық-техникалық базаларын нығайтуға 149 миллион теңге қарастырылған, бұл 2010 жылғы көрсеткіштен 18 пайызға көп. Мәдени мекеме басшыларының пікірінше, жаңа көліктер халықтың игілігі үшін жұмыс істейтін және облыстың алыс аудандарымен тығызырақ байланыс орнатуға көмектесетін болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін