Шығыс Қазақстанның мал өсірушілері малды жасанды ұрықтандыру жұмыстарын субсидиялауды енгізуді ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанның мал өсірушілері малды жасанды ұрықтандыру жұмыстарын субсидиялауды енгізуді ұсынады

Шығыс Қазақстанның мал өсірушілері малды жасанды ұрықтандыру жұмыстарын субсидиялауды енгізуді ұсынады

Мемлекет асыл тұқымды малдың үлес салмағын арттыру, етті және сүтті мал шаруашылығын дамыту мақсатында мал өсіру шаруашылықтарында, жеке аулаларда малды жасанды ұрықтандыру жұмыстарын субсидиялауға тиіс, деп мәлім етті «Қазагромаркетинг» АҚ консалтинг және табынды қалпына келтіру орталығының басшысы, академик Қабыл Исабеков.

  • 4 Шiлде 2011
  • 1363
Фото - Caravan.kz

«Бастапқы кезеңде жасанды ұрықтандыру арқылы малдың тұқымын жақсарту мемлекет тарапынан жүз пайызға субсидиялануға тиіс. Малдың жеке иесі өзі үшін бұл тегінге түсетінін білуге тиіс», — деді Қ. Исабеков дүйсенбі күні ШҚО-да будандастыру-асыл тұқымдандыру жұмысы бойынша семинарда.

Семинарға қатысушыларға ұрықтандырушы-технигінің көшпелі қосыны көрсетілді, ол автокөлік аккумуляторынан қуат алады, бұл қажет жұмыстардың бәрін шалғай жерлерде, жеке аулаларда жүргізуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, фермерлерге академик Исабековтың орталығы шығарған малдың тұқымын жақсарту, қалпына келтіру, малды азықтандыру бойынша кітапшалар мен құралдар таныстырылды.

«Біз малдың тұқымын сіңіргіштік будандастыру арқылы жақсартуды ұсынамыз, мұндайда бірінші төлден-ақ тұқымның жақсарғаны байқалады, ал қалаған нәтижеге бесінші төлде қол жеткізіледі. Бұл кезең-кезеңмен ұзақ уақыт жүзеге асырылады, бірақ ол 2020 жылы етті мал өсіру шаруашылығындағы асыл тұқымды мал көлемін 60%-ға жеткізуге мүмкіндік береді», — деді Қ. Исабеков.

Бүгінгі күні ШҚО-ның аграрлық және жеке шаруашылықтарында 900 мың бас ірі қара мал (1990 жылмен салыстырғанда 68%), 3 млн бас ұсақ тұяқты мал (44%) бар. Мұндағы асыл тұқымды малдың үлесі 4%шамасында. Жеке аулаларда ұсталатын малдың үлес салмағы 80%құрайды.

Табынды жақсарту мақсатында биыл облыстық және республикалық бюджеттерден шетелде будандастырылған малды және отандық «қазақтың ақ бас сиырын» сатып алуға Т3,5 млрд субсидия қарастырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар