«Шығыс шынары» атты халықаралық мүшайра өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Шығыс шынары» атты халықаралық мүшайра өтеді

«Шығыс шынары» атты халықаралық мүшайра өтеді

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімдігі Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесіп, 20-25 тамыз аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Шығыс шынары» атты халықаралық мүшайра өткізеді.

  • 3 Маусым 2011
  • 1131
Фото - Caravan.kz

Байқауға Қытай, Монғолия, Өзбекстан, Түркия, Ресей және Қырғыз елдерінің ақындары да қатысады деп күтілуде.

Аталған шараның мақсаты — Қазақстанның «жауһары» атанған жер жәннаты, өндірістің ордасы болған Шығыс Қазақстан облысын, оның басты қаласы Өскеменді дәріптеу, облыстың Тәуелсіздіктің 20 жылында жеткен жетістіктерін мадақтау, жыр жолдары арқылы жұртшылыққа паш ету.

Мүшәйра Тәуелсіздіктің тірегі — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы, «Шығыс шынары» немесе «Өлең сөздің патшасы» және еркін тақырып бойынша өткізіледі.

Сондай-ақ ақындардың жыр додасы барысында қазақтың белгілі поэзия майталмандарымен кездесулер, пікірталастар, дөңгелек үстел, сұхбаттар ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар