Шығыс жұрты Елбасына жылы лебіздерін интернет арқылы білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс жұрты  Елбасына жылы лебіздерін интернет арқылы білдірді

Шығыс жұрты Елбасына жылы лебіздерін интернет арқылы білдірді

Шығысқазақстандықтар болса, Елбасына жылы лебіздерін арнайы ашылған сайт арқылы жеткізуде. Кеше ғана жұмыс істей бастаған порталға 800 мыңнан астам тілек жазылды.

  • 2 Желтоқсан 2015
  • 229
Фото - Caravan.kz

Тәбілтай Шәріп, Семей қаласының тұрғыны:

-Осы сайт бар екені туралы таңертең білдім. Енді, ашып сайт арқылы Қазақстан халықтарымен бірдей мен де ол кісінің атына құттықтау хатын жолдап отырмын.

Құттықтаушылардың саны сағат сайын артуда. Сайт модераторларының мәлімдеуінше, Үржар, Зайсан, Ақсуат сияқты шалғай жатқан елді-мекендердің де тұрғындары ғаламторда тілектерін жазыпты. Сонымен қатар, сайт үш тілді қамтығандықтан шетелдегі отандастарымыз да шарадан қалыс қалмапты. Парақша жазбаларды кешкі 9-ға дейін ғана қабылдайды, яғни енді аздаған минуттардан соң тілек жазу тоқтатылады. Одан соң ішіндегі ең үздік 20-ға жуық құттықтау анықталып, авторлары марапатталатын болады.

Денис Соколов, сайт авторы:

-Біз шектеу еңгіздік. Қолданушылар өлең жазып жолдай алмайды. Әрі тілектерін 120 сөзге сыйғызу керек. 

Соңғы жаңалықтар