Жарияланды: 470

«Шығыс-2011» оқуларына қатысу үшін Ресей Қарулы күштерінің әскерилері келді

Бүгін Семей қаласының аэродромына әскери-көлік авиация ұшағымен Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің әскерилері ұшып келді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Әскери делагацияны Ресей Орталық әскери округ штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Сергей Чувакин бастап келді. Сапардың мақсаты - «Шығыс-2011» бірлескен қазақстан-ресейлік жедел-тактикалық команда-штабтық оқуларға қатысу болып табылады. Шетелдік қонақтарды әуежайда ҚР Қарулы күштері құрлықтағы әскерилер бас қолбасшысының бірінші орынбасары, штаб бастығы Руслан Әлімов бастаған әскерилер қарсы алды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін