"Шығысэнерготрейд" Шығыс Қазақстан облысында электр қуатының бағасын көтермейтін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шығысэнерготрейд" Шығыс Қазақстан облысында электр қуатының бағасын көтермейтін болды

"Шығысэнерготрейд" Шығыс Қазақстан облысында электр қуатының бағасын көтермейтін болды

Өскемен. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Шығысэнерготрейд" ЖШС Шығыс Қазақстан облысының тұтынушылары үшін 2008 жылдың 21 тамызынан бастап электр қуатының бағасы бұрынғы деңгейінде - 1 кВт-сағатына (ҚҚС есептемегенде) 4,324 теңге деңгейінде қалады деп мәлімдейді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Шығысэнерготрейд" баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 22 Тамыз 2008
  • 419
Фото - Caravan.kz

«2008 жылдың 12 тамызында компания ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің «Шығысэнерготрейд» ЖШС көрсетіп отырған электр қуатымен жабдықтау қызметінің бағасын арттыруға тыйым салу туралы қорытындысын алды. Ол қорытындыда сондай-ақ, аталмыш департамент бағаның 4,8 пайыздан (ҚҚС есептемегенде кВт-сағатына 4,532 теңге) аспайтын деңгейдегі өсімін экономикалық негізделген деп есептейтіндігі айтылған», — деп атап көрсетілген компания хабарламасында.

Алайда, баспасөз қызметінің нақтылағанындай, нарықта жетекші орын алған субъектілер үшін («Шығысэнерготрейд» ЖШС сияқты) тауар (жұмыс, қызмет) бағасын арттырудың ҚР заңымен бекітілген белгілі бір тәртібі болады. Реттеуші органның алдағы тауар (жұмыс, қызмет) бағасының арттырылуы туралы ескерту ережесіне сәйкес бағасын мемлекет реттеп отыратын тауар (жұмыс, қызмет) сататын нарық субъектісі бағаны арттыру туралы негізделген қорытындыны алған күннен бастап бағаны арттыру бойынша іс-әрекеттерін тоқтатады».

Осылайша, ҚР заңының аясында қызмет ете отырып «Шығысэнерготрейд» ЖШС ШҚО тұрғындары үшін электр қуатын бұрынғы бағасымен сатуды жалғастырады, деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар