"Шығысэнерготрейд" ЖШС Шығыс Қазақстан облысындағы электр қуатының бағасы бойынша есептеулерді қоғам назарына ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шығысэнерготрейд" ЖШС Шығыс Қазақстан облысындағы электр қуатының бағасы бойынша есептеулерді қоғам назарына ұсынды

"Шығысэнерготрейд" ЖШС Шығыс Қазақстан облысындағы электр қуатының бағасы бойынша есептеулерді қоғам назарына ұсынды

Өскемен. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Шығысэнерготрейд" ЖШС Шығыс Қазақстан облысындағы электр қуатының бағасы бойынша есептеулерді қоғам назарына ұсынды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Шығысэнерготрейд" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 11 Тамыз 2008
  • 499
Фото - Caravan.kz

Бүгін қоғамдық тыңдау кезінде энергетиктер электр қуатының бағасының екі түрін көрсетті. «Біріншісінде тұтынушылардың барлық тобына (заңды және жеке тұлғаларға) электр қуатының кВт-сағаты қосымша құн салығын (ҚҚС) 5,73 теңгені құрайды. Екіншісінде халық үшін диференциалды бағаны енгізуді қарастырады. Бұл жоба іске асқан жағдайда орташа баға пайдаланған кВт-сағаттың мөлшеріне байланысты болады», — деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Шығысэнерготрейд» ЖШС есептеулері бойынша айына 100 кВт-сағаттан артық тұтынылмаған жағдайда ҚҚС есептелмегендегі кВт-сағат 4,324 теңгені құрайды. Айына 100 — 250 кВт-сағат пайдаланылса, онда электр қуатының бағасы кВт-сағатына 4,973 теңгемен есептелінеді. Ол да ҚҚС есептелмегендегі баға. Ал 250 кВт-сағаттан артық пайдалансаңыз ҚҚС қоспағанда кВт-сағатына 6,241 теңге бағамы бойынша есептесесіз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар