«ШЫҒЫСSTAR» байқауының қорытынды концерті өтті - Өскемен - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ШЫҒЫСSTAR» байқауының қорытынды концерті өтті - Өскемен

«ШЫҒЫСSTAR» байқауының қорытынды концерті өтті - Өскемен

Өскеменде облыстық «ШЫҒЫСSTAR» байқауының қорытынды гала-концерті, - деп хабарлайды ШҚО Мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.

  • 15 Ақпан 2013
  • 632
Фото - Caravan.kz

Кеше, 14 ақпанда Өскемен қаласының Металлургтер сарайында облыстық «ШығысSTAR» байқауының қорытынды
гала-концерті өтті. Байқаудың іріктеу кезеңі 2012 жылдың қараша айында Семей және Өскемен қалаларында өткен. Іріктеу кезеңнен озып шыққандар өнерлерін көрермендер назарына ұсынды. Байқау Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б. Сапарбаевтың тапсырмасы байынша ұйымдастырылған. Өнер сайысы жаңа дарындарды анықтау және таланттарға, өзіндік ерекшеліктері
бар шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларға қолдау көрсету, олардың шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасау, Қазақстан халқы мәдениетін жандандыру, мақсатында ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы бойынша дыбыс жазу студиясында бір әнге аранжировка жасау мүмкіндігі бар сертификатқа Өскемен қаласынан Усманова Мария, Қалибекова Жанерке, Нұрғазиева Наргүл, Семей қаласынан Салықова Аяулым ие болды. 2013 жылдың наурыз айында Астана қаласында өтетін Н.Тілендиев атындағы «Өз елім» ІІІ саз фестиваліне қатысуға Өскемен қаласынан Сиваков Роман және Семей қаласынан Жұматаева Әдемі жолдама беру сертификатын алды.
Облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Айдын Кикумов және облыстық жастар мәселесі басқармасының бастығы Жасұлан Сәрсебаев жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтап, облыстық
мәдениет басқармасының алғыс хаттарымен және сыйлықтармен марапаттады.


Перейти к новостям спорта