Шығыста қар құрсауында қалып қойғандар құтқарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыста қар құрсауында қалып қойғандар құтқарылды

Шығыста қар құрсауында қалып қойғандар құтқарылды

Ақтүтекпен арпалыс! Күшті боранның құрсауында қалған Шығыс Қазақстанда толассыз жауған қардың биіктігі бір жарым метрге жеткен. Салдарынан сырттағы көлік қозғалысының тоқтағы бір бөлек, қалаішілік жолдар да қарға толып қалды. Әсіресе, Зырян, Аягөз аудандары мен Риддер қаласында жағдай қиын. Бүгін ғана «Өскемен-Алматы» тасжолында қалған 300-ге тарта жолаушы құтқарылды.

  • 26 Желтоқсан 2015
  • 178
Фото - Caravan.kz

Бұл көліктер Риддер қаласының маңайында тұралап қалған. Ауыр техниканың өзі тұрған орнынан қозғала алар емес. Тоқтамай соқан дүлей бораннан мұнда белден жоғары қар жиналған. Жүк көліктеріне дүние тиеген жүргізушілер болса мүлкін тастап кеткісі жоқ.

Алексей Иванов, көлік жүргізушісі:

-Қалай тастап кетеміз? Мойнымызда жауапкершілік бар. Тым болмаса, бір-екі трактор әкеп, тартып шығарсын.

Әйтеуір, жүргізушісі бар, басқасы бар – барлығы 20 шақты адам құтқарушылардың көмегімен жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілді. Зырян, Аягөз, Жарма аудандарында да осындай жағдай. Құтқарушылар «Өскемен-Алматы» тасжолында қалған 6 автобустағы 270 жолаушыны құтқарған.

Дмитрий Титов, ШҚО ТЖД бөлім бастығының орынбасары:

-Облыс аумағындағы барлық жолдар жабылды. Жергілікті атқарушы орган өкілдері мен құтқарушылар барлық жолдарды күзетуде. Ал қиын жағдайда қалған Жалғызтөбе ауылының жанында қар тазалау техникалары тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр.

Қазір өңірде қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты мамандар тұрғындардан әзірге алыс жолдарға шықпауды сұрайды. Өйткені ауа-райын болжаушылар бүгін де облыс аумағында қалың қар мен боран, кей жерлерде көктайғақ болатынын айтып отыр.

Соңғы жаңалықтар