Шығынды азайтып, ақшаны тез жинау үшін не істеу керек – кеңес - kaz.caravan.kz
  • $ 504.44
  • 545.65
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығынды азайтып, ақшаны тез жинау үшін не істеу керек – кеңес

Шығынды азайтып, ақшаны тез жинау үшін не істеу керек – кеңес

Наурыз мерекелері аяқталап, әдеттегі жұмыс режимі қайта басталды. Мерекеде баршамыз жақындарымызға көңіл бөліп, түрлі сыйлықтар алдық. Бұл бәрін болмаса да, біршама адамды қаржылық шығынға тіреген болуы мүмкін. Ендеше осы шығындарды бюджетке салмақ түсірмей қалай реттеуге болады?

  • 28 Наурыз
  • 8
Фото: Nur.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Fingramota.kz әр айда шығынды қалай есептеп, бюджетті жоспарлау керегін түсіндірді. Наурыз мереке айы болғандықтан, шығындардың кірістен асып кетпеуіне ерекше назар аудару қажет. Ол үшін мерекелік сатып алуларды алдын ала жоспарлап, арнайы жеңілдіктер мен акцияларды қадағалаған жөн.

Сәуір айы – тәуір ай

Наурыз мерекелерінен кейін ірі шығындардан үзіліс алып, қаржылық тұрақтануға назар аудару жақсы. Өткен айларда қанша табыс тапқаныңызды және қанша жұмсағаныңызды есептеңіз. Шығындарыңызды қайта қарап, қаржылық жоспарыңызды жаңартыңыз.

Пайдалы кеңестер:

  • бюджетті қайта қараңыз: наурыз айында қанша жұмсағаныңызды анықтап, қай жерден үнемдеуге болатынын қарастырыңыз;
  • импульсивті сатып алуларды шектеңіз;
  • коммуналдық төлемдерді тексеріңіз: жылыту маусымы аяқталып келеді, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындар азаяды.

Мамыр: мерекелер мен табиғат аясындағы демалыс

Мамыр мерекелерінде қосымша шығындар болуы мүмкін: біз табиғатқа жиі шығамыз, мерекелермен байланысты сыйлықтар жасаймыз. Сонымен қатар жазғы демалыс маусымы жақындап келеді, сондықтан осы шығындарды да ескерген жөн.

Пайдалы кеңестер:

  • пикниктер, сапарлар мен басқа да іс-шараларға арналған бюджетті жоспарлаңыз;
  • мерекелік жеңілдіктер мен акцияларды қадағалаңыз, бұл үнемдеуге көмектеседі;
  • жазғы демалысты алдын ала жоспарлап, оған қатысты шығындарды есептеңіз.

Маусым-тамыз: жазғы демалыс пен тынығу

Жаз – демалыс пен саяхат кезеңі. Сонымен қатар көшедегі дәмханалар мен мейрамханаларда кешкі ас ішу де тартымды көрінеді. Алайда, қаржылық қорыңызды пайдаланбай, демалысты ақылмен жоспарлау маңызды.

Пайдалы кеңестер:

  • демалысқа арналған бюджетті алдын ала анықтап, соған сүйеніңіз;
  • турлар, әуе және пойыз билеттері, ойын-сауық іс-шараларына жеңілдіктер мен акцияларды іздеңіз;
  • ойын-сауық пен сапарларға жұмсалатын шығындарды бақылаңыз;
  • мектепке дайындық үшін ақша жинай бастаңыз.