Шығыс Қазақстандағы тағы екі ауданда жұмыс уақыты 1 сағатқа кері шегерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.5
  • 582.67
+29 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстандағы тағы екі ауданда жұмыс уақыты 1 сағатқа кері шегерілді

Шығыс Қазақстандағы тағы екі ауданда жұмыс уақыты 1 сағатқа кері шегерілді

Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарында жұмыс уақыты 1 сағатқа кері шегерілді.

  • 24 Ақпан
  • 5
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

24 ақпаннан бастап Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарында өңірдің табиғи жағдайларына бейімделген жаңа жұмыс уақыты енгізілді. Енді жұмыс күні сағат 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталады, түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін.

-Бұл өзгерістер таңның ерте атуы мен кешкі батуымен байланысты. Осылайша, тұрғындарға күндізгі уақытты тиімдірек пайдалануға мүмкіндік беріледі. Шешім жұртшылықпен талқыланғаннан кейін қабылданды. Сондай-ақ облыстық басқарма басшыларынан құралған мобильді топ бұл бастаманы жер-жерде талқылады, — деп хабарлады аудан әкімдіктерінен.