Шығыс Қазақстанның бас экологы 10 млн теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанның бас экологы 10 млн теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды

Шығыс Қазақстанның бас экологы 10 млн теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік ШҚО экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Мамай Бұтабаевтың ұсталғанын растады.

  • 17 Шiлде
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша табиғатты қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Мамай Бұтабаев пара алды деген күдікпен ұсталды.

“Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік шенеунікті 180 миллион теңге пара алуға келісіп, 10 миллион теңгесін алып жатқанда ұстаған”, – делінген хабарламада.