Іле Алатауындағы осынау орталыққа келіп бір күн демалу үшін 95 долларға шығындалу керек. Бұл қаражатқа тек ортаңқол қонақ үйлердің біріне түнеп, кешкі тамақ іше аласыз. Туристерді бірақ оның бағасы емес, орналасқан жері қатты қызықтырады. Мұндағы шаңғы трассалары кәсіпқой шаңғышылар мен экстремалдардың жоғары бағасын алған.
Осылайша, Шымбұлақ армяндар мен белорустердің, қырғыздардың және грузиндердің курорттарын басып озды. Ең туристі көп ел саналатын ресейліктер Қазақстанға кіріп-шығу оңай болғандықтан да еліміздегі демалыс орындарын жиі таңдайды екен.