Шымкент: 16 жастағы оқушыны пышақтап кетті, қансыраған бала мектепте жан тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент: 16 жастағы оқушыны пышақтап кетті, қансыраған бала мектепте жан тапсырды

Шымкент: 16 жастағы оқушыны пышақтап кетті, қансыраған бала мектепте жан тапсырды

Оқу жылы аяқталғанда Шымкенттегі мектепте шатақ шықты. Бүгін қаладағы Қазығұрт ықшамауданында 16 жастағы оқушы қаза болды. Ал оның құрдасы ауыр халде ауруханада жатыр.

  • 16 Маусым 2011
  • 587
Фото - Caravan.kz

Қаладағы мемлекеттік аралық бақылау емтиханын тапсырып шыққан екі мектептің 9сынып оқушылары әлденеге ерегісіп, жұдырықтасып қалған. 16 жастағы бозбалалардың жанжалы біреуінің өлімімен аяқталды. Төбелестің арасында болған біреу екі оқушыға да пышақ сұғып алған. Қансыраған жігіттің бірі өзі оқитын мектепте жан тапсырыпты. Ал екіншісі ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Қазір дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін арпалысып жатыр. Қайғылы оқиға болған жердегі қанды біздің түсіру тобымыз келгенше мектеп қызметкерлері тазалап қойыпты. Ал оқиға орын алған білім ошағының басшылары құзырлы органда түсініктеме беріп жатқан көрінеді. Айта кетейік, бұл Шымкентте оқушылар арасында орын алып отырған алғашқы жағдай емес. Сәуір айының аяғында қаладағы мектептің ауласында 11сынып оқушысы қаза болған.


Әнуарбек Бейсе, Оңтүстік Қазақстан облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы
:

— №86 мектептің оқушылары  емтиханнан соң шақырып алған. Сол жерде ерегісіп қалған…пышақтаған, бала жарақат алып, қаны саулап, мектептің  дәлізінде  қайтыс болды. Ата аналар қазір баласын мектепке жіберуге қорқатын болды. Шаңқай түсте өлтіріп кету деген… 

Соңғы жаңалықтар