Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Әкімге әкім емес, блогер болу керек еді, деді заңгер.
«Шымкенттің әкімінен басқа әкім жұмыс істемей жатыр ма деп ойлап қалдым .
Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтың видеоларын көріп, бұл адам әкім емес, блогер бола салу керек еді деп отырмын.
Кімнің сайты екенін жарнамаламай-ақ қояйын, жағымпаздықтың шегі жоқ деген осы шығар.
Ештеңе таппағандай әкімнің жәй ғана қате әріп тапқанын мақтанып салып қойыпты.
Әкімнің қалай жұмыс істеп жатқаны жазбай-ақ қояйын десем, өздерің осылай қолымды қышытасыңдар!
Мақтанудың шегі бар ғой!
Президент әкімшілігі әкімдердің рейтінгін өздері тендер бөлетін сайттардың жазбаларымен бағалайсыңдар ма, әлде қарапайым халықтан түсіп жатқан шағымдармен ба?
Негізі Сыздықбековке ең мықты әкім емес, ең мықты блогер деген атақ беру керек еді…
Видео түсіріп жүргендер әкімдеріңе сәл рөлге кіруді де үйретсеңдерші, әйтпесе видеоларың
тым жасанды!», деп жазды.
«Жұмыс істеп жатыр, өзіміз ризамыз әкімге», «Айгул артық кетпесей сен қашаннан бері дамып еткен едің,бізді дамымаған дейтіндей,сенің кім екеніңді қалай дамып кеткеніңді де білеміз ғой,өзіңді дамып кеттім деп ойлап журсең», «Сізге ешқандай әкім жақпады ғой Айгүл ханым! Мүмкін өзіңіз барып отырарсыз, а?», деп халық тарапынан заңгерге көп кері пікір жазылды.