Шымкент әкімі халықтан өзіне жұмыс істеуге мүмкіндік беруді сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент әкімі халықтан өзіне жұмыс істеуге мүмкіндік беруді сұрады

Шымкент әкімі халықтан өзіне жұмыс істеуге мүмкіндік беруді сұрады

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдіраxымов шаһарға қосылған елдімекендердің тұрғындарымен кездесіп, пікірлесті деп жазады rgmedia.kz.

  • 27 Қараша 2015
  • 679
Фото - Caravan.kz

Әуелі, жұмыс сапарымен Абай ауданына қосылған «Қызылжар» шағын ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының (ЦОН) қайта құру жұмыстарымен танысты.

Айта кетерлігі, мұнан бұрын тойxана ретінде пайдаланылып келген ғимарат енді 118 000 тұрғыны бар елдімекен xалқының құжат рәсімдеуі үшін қызмет ететін болады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

Сондай-ақ әкім Абай ауданына жаңадан қосылған Жаңаталап елдімекеніндегі халықпен кездесіп, жұртшылықты мазалаған сұрақтарға жауап берді.  Мәселен, Өзбекстаннан келген оралман Әбдірәшит Пашаев үйсіз қаламын ба деп қорқады. Атамекеніне  қоныс аударған ол үй салған, алайда ол баспана енді  жол салуға кедергі келтіріп отыр екен. “Үйді сүріп тастаймыз деп жатыр” деді тұрғын.

Сауалды тыңдаған әкім: “Біз бұрыннан салынып қойған тұрғын үйлерді бұзбаймыз. Олай істеу қараша халықтың мүддесіне қиянат жасау. Біз мүмкіндігінше соларды заңдастыруға тырысудамыз. Сəл сабыр қылып бізге де жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіздер. Қазір Астанаға осы мәселе бойынша заңға өзгеріс енгізу мəселесін қарау туралы арнайы ұсыныс хат жібердік”, – деп жауап берді.


Айтпақшы, Шымкентте енді көшелер мен мектептерге атасы немесе көкесінің есімін беруге қатай тыйым салынатын болды.

Кездесу соңында қала “мэрі” Шымкенттің бас жоспарына сәйкес қаншама елдімекен келіп қосылғанын және бірнеше мәселенің қайта туындағанын атап өтті.

“Сондықтан мұның барлығы бір күнде шешіліп кетпейді. Мен қалаға жаңа қосылған елдімекендерді аралап тұрғындарды толғандырған түйіткілдермен танысып келемін. Бар күш жігеріммен xалыққа қызмет етуге әзірмін. Сондықтан сіздерден сабырлы болуды сұраймын», – деп халықты бірлікке шақырды әкім.

Соңғы жаңалықтар