Кейбір азаматтардың айтуынша, автобустың қозғалысын айғайлап айтып тұру – ыңғайлы. Өзге шымкенттіктер аялдамалардағы айғайдан мезі болғандарын жеткізуде.
Әкімдік өкілдері мәлім еткендей, олар тасымалдаушыларға тағы аздаған уақыт беруге дайын. Ал кейін, талаптар бұзылған жағдайда, соның ішінде аялдамаларда бағыттарды айғайлап айтқандары үшін билет тексерушілермен қоса жүргізушілер де жұмыстарынан айырылуы мүмкін.