Шымкент әкімі қаладағы энергетикалық қызметтерді сынады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент әкімі қаладағы энергетикалық қызметтерді сынады

Шымкент әкімі қаладағы энергетикалық қызметтерді сынады

ШЫМКЕНТ. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today. Шымкент әкімі Өмірзақ Әметұлы қалалық әкімшілікте өткен кеңесте дауылдың зардаптарын жоюға байланытсы энергетикалық қызметтердің жұмысына сын айтты, деп хабарладйы Kazakhstan Today тілшісі.

  • 6 Қыркүйек 2006
  • 496
Фото - Caravan.kz

«Қалалық таратушы электр станциялары тек ақша жинауды ғана біледі, бірақ, оның нәтижесін көре алмай отырмыз,- деді Ө.Әметұлы. — сіздерде жөндеу базасы деген жоқ, диспетчерлік қызметтер жұмыс істемейді, қай жерде қандай ақау бар екенін білмейсіздер».

«Оңтүстік жарық транзит» ЖШС бас директоры Серік Балқышев жарыққа қатысты тауқыметтер 4-қыркүйек күні кешке дейін шешіледі деп сендіргеніне қарамастан, Қайтпас, Самал І ауылдары мен Қайнар бұлақ және Агропром саяжай массивтері күні бүгінге дейін электр энергиясынан құралақан отыр. Қаланың кейбір аудандарында да жарық жоқ. Тек кеше ғана қаладағы апаттық қызметтер тұрғындардан 100-ден астам шағым қабылдады.

Қалалық электр желілері қызметінің бастығы Жұмалы Бекмұхамбетов қаладағы электр жалғастыру желілерінің кейінгі 15 жылда жөндеу көрмегенін айтып ақталды. «Шынтуайтына келгенде қазір желіні жөндеудің орнына оны кең көлемде ауыстыра бастау қажет»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта