Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі:
-Сендер не деп ойлап жатырсыңдар бірнәрсені жасаймын, ұрамын-соғамын сонымен құтылып кетем деп жатсыңдарма? Болмайды ешқашан ондай. Сендер не төбелескеннен береке табам деп жатсыңдарма?
Араздасып қалғандар №3 және №13 мектептептердің жоғарғы сынып оқушылары екен. Қойнына пышақ салып келген 11-ші сыныптың екі оқушысы көрші мектепке келіп есік алдында тұрған 9-шы сынып оқушыларын жаралаған. Мұны естіген әкім мәселені шешуге қасына прокурор, полиция бастығы мен білім бөлімінің басшыларын да ерте келіпті. Сау етіп келген шенділерді көріп, ата-аналар да, ұстаздар да аң-таң. Ал шаһар басшысы тентек оқушыларға бір ұрсып алып, соңынан бала тәрбиесіне қатысты лекция оқып кетті. Тіпті өзінің балалық шағын мысалға келтірген Әбдірахымов енді мектептерде бақылау күшейеді деп отыр.