Шымкент әкімі тентектерді тәртіпке салу үшін мектепке кіріп келді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент әкімі тентектерді тәртіпке салу үшін мектепке кіріп келді

Шымкент әкімі тентектерді тәртіпке салу үшін мектепке кіріп келді

Бүгін Шымкент әкімі бар шаруаны ысырып қойып, мектеп оқушыларының арасындағы жанжалды шешуге аттанды. Ғабидолла Әбдірахымов төбелес болған білім ошағына барып, ата-аналар мен балаларға ұрысып берді.

  • 1 Қазан 2015
  • 322
Фото - Caravan.kz

Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі:

-Сендер не деп ойлап жатырсыңдар бірнәрсені жасаймын, ұрамын-соғамын сонымен құтылып кетем деп жатсыңдарма? Болмайды ешқашан ондай.  Сендер не төбелескеннен береке табам деп жатсыңдарма?

Араздасып қалғандар №3 және №13 мектептептердің жоғарғы сынып оқушылары екен. Қойнына пышақ салып келген 11-ші сыныптың екі оқушысы көрші мектепке келіп есік алдында тұрған 9-шы сынып оқушыларын жаралаған. Мұны естіген әкім мәселені шешуге қасына прокурор, полиция бастығы мен білім бөлімінің басшыларын да ерте келіпті. Сау етіп келген шенділерді көріп, ата-аналар да, ұстаздар да аң-таң. Ал шаһар басшысы тентек оқушыларға бір ұрсып алып, соңынан бала тәрбиесіне қатысты лекция оқып кетті. Тіпті өзінің балалық шағын мысалға келтірген Әбдірахымов енді мектептерде бақылау күшейеді деп отыр.

Соңғы жаңалықтар