Шымкент әуежайы Ташкент әуежайының баламасына айналуға тиіс - республика үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент әуежайы Ташкент әуежайының баламасына айналуға тиіс - республика үкімет басшысы

Шымкент әуежайы Ташкент әуежайының баламасына айналуға тиіс - республика үкімет басшысы

АСТАНА. 18-қазан. Kazakhstan Today. Шымкент әуежайы Ташкент әуежайының баламасына айналуға тиіс. Бұл туралы республика үкімет басшысы Даниал Ахметов бүгін үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 18 Қазан 2006
  • 712
Фото - Caravan.kz

«Біз Шымкент әуежайының Ташкент әуежайының баламасына айналуын қалаймыз»,- деді ол. «Егер Шымкентте жақсы әуе айлағы мен транспорттық-логистикалық орталық салатын болсақ, онда Өзбекстан таяудағы 5-7 жылда бізге бәсекелес бола алмайды»,- деді үкімет басшысы.

«Олар онда өзгерістер жүргізіп жатқан уақытта біз көш ілгері озып кетуіміз керек»,- деді Д.Ахметов. Ташкентке ұшып жатқан әуе компаниялары жайында сөз қозғаған үкімет басшысы былай деді: «ол жаққа қандай тасымалдаушының ұшып жатқаны маңызды емес, маңыздысы — Ташкентке ешкім ұшпауы керек».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта