Шымкент ауруханаларында донор қанын пайдалану көлемі 10 есе азайды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент ауруханаларында донор қанын пайдалану көлемі 10 есе азайды

Шымкент ауруханаларында донор қанын пайдалану көлемі 10 есе азайды

ШЫМКЕНТ. 29-қыркүйек. Kazakhstan Today. Шымкент ауруханаларында донор қанын пайдалану көлемі 10 есе азайды. Бұл туралы ВИЧ індетімен күрес жөніндегі штабтың отырысында облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры Вячеслав Дудник құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 29 Қыркүйек 2006
  • 442
Фото - Caravan.kz

«Облыста қанды тұтыну көлемі шұғыл азайып кеткенін айта кету керек,- деді В.Дудник. — Егер бұрын күн сайын Шымкентте орта есеппен 16 литр қан пайдаланылып келсе, қазір бұл көлем 10 есе азайып, 1,5 литрге дейін төмендеді».

Осыған байланысты қазір облыстық денсаулық сақтау департаменті қанды алмастыратын синтетикалық препаратқа сұранысты есептеп жатыр. «Емдеу процессін тоқтатуға болмайтындықтан, қазір осындай қан алмастырғыштарды сатып алу мәселесін қарастырып жатырмыз»,- деді В.Дудник.

Оның айтуынша, бүгінде барлық қан препараттары ауруханаларға карантиндік шарадан кейін жіберілуде. «Қор көлемі 230 литр шамасында»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта