Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы әскер қатарына жаңадан шақырылған жігітті өлтірді деп айыпталған сержантты қамауға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы әскер қатарына жаңадан шақырылған жігітті өлтірді деп айыпталған сержантты қамауға алды

Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы әскер қатарына жаңадан шақырылған жігітті өлтірді деп айыпталған сержантты қамауға алды

Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы әскер қатарына жаңадан шақырылған жігітті соққыға жығып ауыр жарақаттау салдарынан өлімге душар етті деп айыпталған сержантты қамауға алды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Шымкент гарнизонының әскери прокуроры Мелдебек Әділбаев хабарлады.

  • 17 Тамыз 2004
  • 426
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 1-тамызда 6506 әскери бөлімшесінде Қостанайдан әскер қатарына жаңадан шақырылған 20 жастағы Рамиль Пашаев мойынға тиген қатты соққы салдарынан миына қан шауып қайтыс болған.

Оны взвод командирінің орынбасары, кіші сержант шені бар 22 жастағы Дәулет Д. есімді офицер соққыға жыққан.
Осы іс бойынша тергеуді ҚР ІІМ-нің әскери-тергеу бөлімі жүргізуде. Кіші сержант тергеу абақтысына қамалды. Оған ҚР Қылмыстық Кодексінің билігін асыра пайдалану салдарынан ауыр зардап шектіру және билігін асыра пайдалану жөніндегі екі бабы бойынша айып тағылды. Аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің билігін асыра пайдалану салдарынан ауыр зардап шектіру жөніндегі 380-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Перейти к новостям спорта