Шымкент: кездейсоқ табылған зат ауқымды зерттеу жұмыстарына себеп болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент: кездейсоқ табылған  зат ауқымды зерттеу жұмыстарына себеп болды

Шымкент: кездейсоқ табылған зат ауқымды зерттеу жұмыстарына себеп болды

Шымкенттің іргесінде кездейсоқ табылған тарихи зат ауқымды зерттеу жұмыстарына себеп болды. Қаланың солтүстік-батысындағы Қайнарбұлақ елдімекенінің бозбалалары көне теңгелер салынған құмыра тауып алған. Құнды олжа туралы естіген ғалымдар алғашында сенбепті.

  • 11 Маусым 2011
  • 528
Фото - Caravan.kz

Ұлан Қуандықов, Қайнарбұлақ ауылының тұрғыны:

— «Теңгелерді таптық» деп  көрсеттік, олар алғашында сенбеді. Кейін көрсеттім, сонда ғана назар аударды.

Арнайы сараптама қорытындысы қоладан жасалған  теңгелердің әртүрлі заманға және түрлі мәдениетке тиесілі екенін көрсетті. Олардың басым бөлігі Шағатай дәуірінде жасалған деп болжап отыр,ғалымдар. Табылған тарихи заттардың бір бөлігі жергілікті тұрғындардың қолында кеткен. Қазір мамандар оларды жинауға кірісті. Ал көне ақша салынған құмыра табылған жерде археологиялық қазба жұмыстары басталды. Өкінішке  қарай бұл көне қала туралы тарихи деректер жоқ болып шықты. Әзірге ғалымдар тек оны байырғы Исфиджап маңында орналасқан Хұрлық қаласы деп топшылаудан әріге аса алмай отыр. Бір анығы,Ұлы Жібек жолы бойындағы экономикасы мен қолөнері дамыған  қала жоңғар шапқыншылығы кезінде қиратылған. Қазір ғалымдар көне қаланың тек алғашқы қазақ хандығына тиесілі қабатын ғана аршып жатыр. Оған қосасол маңайдан Қаңлы дәуіріне тиесілі қорымдарды тапқан археологтардың пікірі әралуан. Шымкенттің іргесіндегі құпия шаһар туралы толық мағлұмат нысанның соңғы Қараханидтер дәуіріне жататын қабатына жеткенде ашылуы мүмкін.


Руслан Шербаев
, “Археологиялық сараптама” ЖШС бөлім меңгерушісі:

— Бұл қала Ұлы Жібек жолы қалаларының бірі болады. Аты әзірге белгісіз.  Жобамен айтылып кетті – Хұрлық деген қала, 16-шы ғасырда осында болған деп.

Соңғы жаңалықтар